Әлеуметтік педагог жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларымен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және аз қамтылған, жетім, көпбалалы, жартылай жетім, толық емес отбасы балаларына әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және қиын, құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Әлеуметтік педагогтың міндеті:
- Оқушылардың әлеуметтік педагогикалық ерекшеліктерін және олардың ортасын, өмір салтын, қызығушылығы мен қажеттіліктерін, мәселелерін, келеңсіз жағдайларын, оқушылардың мінез-құлығындағы ауытқуларды зерттей келе, өз кезегінде балаға және отбасына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету
- Әлеуметтік педагогикалық жұмыстың әдістері мен бағытын, тапсырмаларын, әлеуметтік және жеке мәселелі шешу жолдарын айқындау.
- Оқушыларды әлеуметтік қорғауға білім беру, тәрбиелеу, дамыту процестерін жүзеге асыру. Мектепте тамыз айында бекітілген бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.
Мектеп бойынша әр отбасының әлеуметтік статусы анықталды. Тізімдері жасалынды.
Оқушылардың жалпы саны: 393. Ұл бала -206, қыз бала-187 Жетім және ата ана қамқорлығынсыз қалған бала -1 , ажырасқан отбасы саны- 10, әкесі қайтыс болған- 14, анасы қайтыс болған-5, Атаулы әлеуметтік көмек алатын -0. Көп балалы 207, өгей әкесімен тұратын -3 оқушы, өгей шешесімен тұратын оқушы-3, үйде оқитын оқушы -3. Әлеуметтік қамқорлықтағы барлық оқушылар кітаппен қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамсынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларды бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Жалпыға бірдей білім беру қорынан қа айында 2 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар асханада 1-4 сынып оқушылары – 126 оқушы тегін тамақтанды.