Мектеп тарихы
Екпінді бастауыш мектебінің құрылысы 1935 жылы сол уақыттағы колхоз басқармасының бастығы Рыстанбек Өмірзақовтың бастамасымен және жетекшілік етуімен төрт жылдық бастауыш мектеп ретінде ашылған.
1940 жылы бастауыш мектеп жеті жылдық мектеп болып қайта құрылған. Сол кездегі төрт жылдық мектепті Нұрмақан Иманбеков басқарса, оқу ісінің меңгерушсі Тезекбай Қосалиев болған.
1942-1945 жылдар аралығында аталған мектепті Аралбай Кембаев, Нұрмақан Әуелбеков, Зиба Дүйісова басқарған.
1945-1947 жылдар аралығында мектеп директоры болып Керімқұл Төлеуов, ал оқу ісінің меңгерушісі болып Анарбек Жанысбеков қызмет атқарған.
1947 жылы аталған мектептің директоры Өмірбай Егізбаев, ал оқу ісінің меңгерушісі лауазымын Жақан Досымбеков атқарған.
1948 жылы Әлімқұлов Мырза Қансейітұлы мектеп директоры лауазымын атқарса, Хамит Көлбаев оқу-тәрбие жұмысына басшылық жасаған.
1948 жылдан осы мектептің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі болған Хамит Көлбаев 1950 жылдан бастап жеті жылдық мектептің директоры болды. 1962 жылы жеті жылдық мектепті сегіз жылдық мектепке айналдыруға Хамит Көлбаев көп күш жұмсаған. Соның арқасында 1962 жылы аталған мектеп сегіз жылдық мектепке айналды.
Екпінді орта мектебінің «Екпінді» аталу себебі, мектеп орналасқан ауыл Екпінді ауылы аталады. Кеңес Одағы тұсында ауыл еңбеккерлері еңбек өнімділігін арттырып, мол өнім алу жолында қажырлы еткен еңбектері ескеріле отырып, ауылға «Екпінді» деген атау берілген. Соған орай мектеп атауы да ауыл атымен аталып келеді.
Ауыл халқын санының өсуіне байланысты орта мектеп ашу мәселесі күн тәртібінде тұрды.
Төлепбек Назарбековтің бастамасымен жаңа типтегі 540 орынға арналған екі қабатты орта мектептің құрылысы 1974 жылы басталып, бұрынғы сегіз жылдық мектеп 1978 жылы жаңа типтік үлгідегі он жылдық орта білім беретін мектепке айналды.
Мектептің жалпы білім берудегі бағыты заман көшінен қалмай, заманауи білім беру жүйесін мектепке белсенді түрде ендіру болып табылады.
Бүгінгі күні мектеп тарихи тұлға және қоғам қайраткері Төлепбек Назарбеков есімімен аталад
Материалдық-техникалық базасы
- Сынып кабинеті -20
- Интерактивті тақтасы бар
сынып – 3
- Спорт зал – 1
- Мәжіліс залы -1
- Мектеп асханасы – 1
- Кітапхана – 1
- Ағылшын тілі кабинеті -1
- Информатика кабинеті -2
- Психолог кабинеті – 1
- Даярлық тобы кабинеті - 1
- Мұғалімдер бөлмесі – 1
- Медициналық кабинет – 1
- Көркем еңбек кабинеті - 2
“ТӨЛЕПБЕК НАЗАРБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП” КММ ТӨЛҚҰЖАТ
- Мекен жайы: Төлеби ауданы, Екпінді ауылы, Ленгір тас жолы, 13
- Қолданысқа берілді: 1978 жылы салынды.
- Жалпы ауданы - 2628,9 шаршы метр.
- Жобалық қуаты – 540 оқушыға арналған.
- Оқушылар контингенті: 392 оқушы.
“Т. НАЗАРБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП” КММ
Мұғалімдердің саны және сапалық құрамы
- Мұғалімдер саны:52
- Шебер: жоқ
- Зерттеуші :12; 20,7%
- Сарапшы: 21; 36,2%
- Модератор: 29; 50%
- Педагог:3; 11,5%